Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген

1585

Қаржы министрлігінің кірістер комитетінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілер арқылы тараған салыққа берешегі барларға айыппұл салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген

"Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын а.ж. 1 қазанына дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды",– делінген хабарламада.

Ведомство жеке тұлғалардың бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін биылғы жылдың 1 қазанына дейін төлеуге тиіс екенін, ал көлік салығы биылғы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтелетінін еске салады.

Айта кетсек, қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу