Салық және кеден саласындағы қызметтердің 91%-ы электрондық форматқа ауыстырылды

542

Бірқатар мемлекеттік қызметтер мен электронды сервистерді "e-Salyq Azamat" және "e-Salyq Business" мобильді қосымшаларынан алуға болады. 

Салық және кеден саласындағы қызметтердің 91%-ы электрондық форматқа ауыстырылды Фото: ortcom.kz

Салық және кеден салаларындағы 15 мемлекеттік қызмет түрі "eGov mobile" және "eGov Business" мобильді қосымшаларында қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде дара кәсіпкердің мәртебесін тексеру, салық есептілігін қарау және салықтарды төлеу, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама және т.б. бар.

"Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын жеңілдету үшін 11 сервис және 2 мемлекеттік қызмет жұмыс істейтін "e-Salyq Azamat" және "e-Salyq Business" арнайы мобильді қосымшалары жұмыс істейді.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін "Homebank" және "Kaspi.kz" қосымшыларында 910.00 нысаны бойынша салық есептілігін ұсыну, сондай-ақ дара кәсіпкерді тіркеу, дара кәсіпкердің деректемелерін өзгерту, салықтар бойынша борыштар, көлік және мүлік салығы, дара кәсіпкер үшін төлемдер және т. б. сияқты сервистер қосылған", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бірқатар қызметтер Smart Bridge-ге және kgd.gov.kz порталына шығарылған.

"Мемлекеттік кірістер органдары жеке және заңды тұлғаларға 43 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның 26-сы салықтық және 17-сі кедендік бағыттағы қызметтер. Бүгінгі таңда 43 мемлекеттік қызметтің 39-ы (немесе 91%) электрондық форматқа ауыстырылды", - деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу