"Біздің қолымыздағы ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы салықтық жеңілдіктерге байланысты бюджет түсімі 4,8 трлн теңгеден астам сомаға кем болды. Бұл – үлкен сома. Негізгі салықтық жеңілдіктер шағын кәсіпорындарға емес, үлкен кәсіпорындарға беріліп жатқаны белгілі", – деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында.
Спикердің айтуынша, салықтық жеңілдіктің 40%-ы қаржы және тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындарға тиесілі.
"Салықтық жеңілдіктен бас тартайық деген әңгіме жоқ. Бұл – халықаралық тәжірибе. Оны қолдануы, осы бағытта жұмыс істеу керек. Дегенмен осы жеңілдік мемлекетімізге не беріп жатыр? Экономикамызға қандай әсерін тигізеді? Соны да бір сараптап қойған артық болмас. Осы жылдың басында Президент Салық кодексін қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Салықтық жеңілдіктерді жан-жақты зерделейсіздер деп сенеміз. Сол жұмыстың қорытындысы бойынша парламентке ақпарат бересіздер деп үміттенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Қанат Махамбет