Салыққа қарыз жеке тұлғалардың өсімпұлдары кешіріледі

1616

Өсімпұлдың есептен шығарылуы үшін негізгі борыш сомасы төленуі керек. Салықтық рақымшылық мерзімі биылғы жылдың соңына дейін созылады.  

Салыққа қарыз жеке тұлғалардың өсімпұлдары кешіріледі

Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды. Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады.

Өсімпұлдың есептен шығарылуы үшін жеке тұлға негізгі борыш сомасын төлеуі керек. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.

2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды.

Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады.

Фото: freepik.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу