Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорындарды қайта ұйымдастыруды пайдаланып, салықтық жеңілдіктерді заңсыз алуға тырысқан жағдайларды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кейбір компания қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндеттемеден жалтару үшін түрлі амалды қолданған.
2021-2024 жылдары қайта ұйымдастыру кезінде ҚҚС сомасын негізсіз пайдаланған 263 заңды тұлға анықталды. Жалпы көлемі 31,7 млрд теңгеге жеткен бұл сомалар есептен шығарылып, нәтижесінде бюджетке 3 млрд теңге түскен.
Сонымен қатар ҚҚС бойынша артық сома 20 млрд теңгеге қысқартылған. Бұл бағыттағы жұмыстардың заңдылығын сот та қолдайды. Қазірге дейін кассациялық соттарда қаралған 10-нан астам істің барлығы салық органдарының пайдасына шешіліп отыр.