Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады

Мұның себебін министр түсіндірді.  

Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады Фото: kapital.kz

Бұл туралы Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

"Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады. Салықтар бойынша орындалмаудың негізгі сомасы пайдалы қазбаларды өндіру салығы, корпаративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік баж тиесілі. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы және экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың орындалмауы және түсімдердің өсу қарқынының төмендеуінің негізгі себебі ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі экспорттық тауарлар бағасының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа есеппен 12,3%-ке төмендеуі болып табылады", – деді Жамаубаев.

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 591 ірі салық төлеуші бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында аванстық төлемдер сомасының 44,6%-ке төмендеуі есебінен орындалмаған.

"Бұл ретте жоспар қосылған құн салығы және импорттық кедендік баждар бойынша асыра орындалды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу