Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі

1015

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі

"E-Salyq Business-те" кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеледі. Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеу кезінде қиындықтар туындатпайтын негізгі функционал.

"Кәсіпкердің салық міндеттемелерін есептеу қосымшада көрсетілген кірістер негізде жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін кәсіпкер профилінде кірістердің мөлшерін көрсетеді. Осы модуль азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады. Есептелген міндеттемелерді кәсіпкер қосымшаның шет жағындағы мәзірінің "Салықтар" бөлігінде көре алады. Төлеуге ыңғайлы болу үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде бірден салық төлеуге болады", – деді Азамат Панбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу