Салықты көтеруге 2025 жылға дейін мораторий жариялау қажет

677

"ADAL" партиясының саяси кеңесі мүшесі Эльдар Жұмағазиев сөзінде кәсіпкерлікті дамыту партияның басты мақсаты екенін мәлім етті.  

Салықты көтеруге 2025 жылға дейін мораторий жариялау қажет

"Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға басымдық береміз. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалуы қажет. Бұл дегеніңіз салықтық, бюджеттік, монетарлық саясатты қайта қарау деген сөз. Бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға және мемлекеттің экономикадағы үлесін кемітуге көбірек көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, салықты көтеруге 2025 жылға дейін мораторий жариялау қажет. Микро және шағын бизнес үшін міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдері ерікті болуы тиіс деп ойлаймыз. Есебімізше бұл шара 4 млн адамның ресми түрде жұмыс істеуіне түрткі болады", – дейді Эльдар Жұмағазиев.

Саяси кеңес мүшесінің сөзінше, экономиканы бюджеттік субсидиясыз 7%-бен кредиттеуді қамтамасыз ету үшін базалық мөлшерлемені 4-5%-ға дейін төмендету керек.

"Шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін декларация тапсыру мен салық төлеу оп-оңай болуға тиіс. Ол үшін ыңғайлы цифрлық сервис құрған жөн. Жаппай кәсіпкерлікке оқыту, қаржыландыру, үлгілік бизнес-жоспарлар, бухгалтерлік, салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік сүйемелдеу сынды қолдау  пакеттерін енгізуді көздеп отырмыз", – деп атап айттып ол.

Партия жиынында Эльдар Жұмағазиев сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін банкроттық институтын енгізуді де қолға алынатынын сөз етті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу