Салықтық рақымшылық аясында 287 млн теңге өсімпұл кешірілді

788

Қарызды өтеу көлемі бойынша Алматы мен Шымкент көш бастап тұр.  

Салықтық рақымшылық аясында 287 млн теңге өсімпұл кешірілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша, елімізде 190 мыңнан аса адам (жалпы борышкерлер санының 12,4%) салық рақымшылығы мүмкіндіктерін пайдаланған. Олар 2,3 млрд теңге қарызын төлеп, шамамен 287,7 млн теңге өсімпұлдары есептен шығарылды. 

Салықтық рақымшылықты ең көп пайдаланған өңір – Алматы (39 679 адам). Одан кейінгі орында Шымкент(28 269) және Алматы облысы (19 662).

Ал Павлодар (5007), Ақмола (4 350) және Солтүстік Қазақстан (1 568) облыстары керісінше ең төмен белсенділік танытқан. 

Қарызды өтеу көлемі бойынша да Алматы (541 млн теңге), Алматы облысы (308 млн теңге) және Шымкент қалалары (245 млн теңге) алдыңғы қатарда.

Батыс Қазақстан (35,4 млн теңге), Павлодар (22,7 млн теңге) және Солтүстік Қазақстан (22 млн теңге) облыстарының тұрғындары қарыздарын өтеуге асықпаған. 

Есептен шығарылған өсімпұлдардың ең көп мөлшері Алматы (67,8 млн теңге) және Шымкент (42,8 млн теңге) қалаларына, сондай-ақ Алматы облысына (29,3 млн теңге) тиесілі.

Өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты  негізгі салық қарызын төлеу. Ол төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады. 

Еске сала кетсек, салықтық рақымшылық мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. 

Өсімпұлдарды есептен шығару үшін салық органдарына барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу