Салықтық рақымшылық бойынша қанша кәсіпкер қарызын өтеді

1125

Осы уақытқа дейін шағын және орта бизнес иелері бюджетке 15,3 млрд теңге салықтық берешегін төлеген.

Салықтық рақымшылық бойынша қанша кәсіпкер қарызын өтеді

Елімізде 43 мың 755 шағын және орта бизнес субъектісі салықтық рақымшылық аясында 15,3 млрд теңге көлемінде қарызын төледі, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. 

"Бүгінгі таңда 43 мың 755 салық төлеуші салықтық рақымшылықты пайдаланып уақытында төленбеген 15,3 млрд теңге берекшектерін өтеді. Аталған қарыздар бойынша жалпы сомасы 5,2 млрд теңге өсімпұл мен 0,3 млрд теңге айыппұл кешірілді",-деп хабарлады комитетте. 

Естеріңізге сала кетсек 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық енгізілген болатын. Ал 8 ақпаннан бастап уақытылы төленбеген салықтың өсімпұлдары мен айыппұлдарын да кешіру туралы шешім қабылданған.  

Алдын ала белгілі мәліметтер бойынша, рақымшылыққа 90 мың 77 шағын және орта бизнес субъектісі ілігеді. Оның ішінде 31 мың 210 заңды тұлға, 58 мың 867 жеке кәсіпкер бар. Осы уақытқа дейін мұндай салықтық рақымшылық 2015 жылы ұйымдастырылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу