Салымшылар БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ реквизитін өзгерте алады

878

БЖЗҚ сайтындағы "Электрондық сервистер" атты бөлімге кіріп, "Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу" атты электрондық қызметке жүгініп, тиісті өзгерістерді енгізу қажет.

Салымшылар БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ реквизитін өзгерте алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті кеңсесіне бармай-ақ реквизиттегі мәліметтерді өзгертуге бола ма? Бұл туралы сауалға "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Мамыралы Мәмбетов жауап береді, деп хабарлайды altaynews.kz.

"БЖЗҚ 2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Соған орай мәліметтерді кеңсеге бармай-ақ өзгертуге болады, - дейді Мамыралы Мәмбетов. - Енді БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген реквизиттеріңіздің (жеке куәлігіңіз туралы ақпараттың, тұрғылықты жеріңіздің мекенжайын, электрондық мекенжайыңыз (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін өз беттеріңізше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер енгізе аласыздар".

Бұл үшін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті болуға тиіс екен. Ол арқылы БЖЗҚ сайтындағы "Электрондық сервистер" атты бөлімге кіріп, "Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу" атты электрондық қызметке жүгініп, тиісті өзгерістерді енгізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу