Салымшылар БЖЗҚ жинақтарының 50 пайызын жеке басқаруға бере алады

842

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.  

Салымшылар БЖЗҚ жинақтарының 50 пайызын жеке басқаруға бере алады Фото: gov.kz

"Бесінші мәселе – экономиканы кредиттеу және халықтың кредит жүктемесін төмендету. Мен нақты экономиканы несиелендіруді кеңейту қажеттігі туралы бірнеше рет айттым. Бизнес қолжетімді қаржыландыруды қажет етеді. Менің тапсырмам бойынша шұғыл шешімдер пакеті әзірленді. Ол осы сектордағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының өз зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру құқығы 50%-ға дейін кеңейтіледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл бизнесті несиелеуге қажет.

"Агроөнеркәсіптік кешенге кредит беруді ұлғайту үшін астық келісімшарттары толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылатын болады. Олар агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін сенімді кепілді қамтамасыз етеді. Бұл жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты. Соның арқасында экономиканың осы секторын неғұрлым белсенді кредиттеуге мүмкіндік туады. Бұдан басқа, Үкімет пен қаржылық реттеушілерге "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру орынды деп санаймын. Әрине, бұл тек экономиканың басым салаларына ғана қатысты болуы керек", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу