Салымшылар жинақтарын доллармен емес, теңгемен сақтайтын болды

741

Ұлттық валютадағы салым 12,4 трлн теңгеге жетті.

Салымшылар жинақтарын доллармен емес, теңгемен сақтайтын болды

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев депозиттердің долларлану деңгейі соңғы 8 айда 40,2% төмендегенін айтты. 

"Қыркүйекте теріс түзетуге қарамастан инвестициялық кіріс 2020 жылдың басынан бері қарай 1,5 млрд долларын құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 8,7% ұлғайып, тамыз айының соңында 20,7 трлн теңге болды. Ұлттық валютадағы салымдар 14,2% немесе 12,4 трлн теңгеге дейін, валюталық салымдар 1,4% немесе 8,3 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі соңғы 8 айда 40,2% дейін төмендеді", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу