Салынып жатқан үйден "Баспана хит" арқылы пәтер алуға рұқсат берілді

977

Алайда ол нысандар тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының кепілі немесе ипотека беретін банктің қаржыландырып отырған жобасы болуы тиіс. 

Салынып жатқан үйден "Баспана хит" арқылы пәтер алуға рұқсат берілді Фото: Максим Морозов

Баспана хит бағдарламасы бойынша әлі салынып жатқан, үлескерлік құрылыстағы үйлерді сатып алуға мүмкіндік берілді. Осылайша Ұлттық банк пен Қазақстанның орнықтылық қоры баспана алғысы келетін азаматтардың ұсыныстарын ескеріп, таңдау еркіндігін арттырып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Алайда ол нысандар тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының кепілі немесе ипотека беретін банктің қаржыландырып отырған жобасы болуға тиіс. Бұл тізімде әзірге 41 нысан тұр. Арасында құрылысы созылып кеткен, проблемалық "Бағыстан", сондай-ақ "Ақ дидар", "Тұран сити", "Тұран Тауерс" сынды тұрғын үй кешендері көрсетілген. 

Бағдарламаның тағы бір өзгерісі алуға болатын үйлердің шекті мөлшері, яғни лимиті де өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу