Мемлекеттік кірістер комитетінің "Salyqbot" Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды: "Шотты бұғаттан шығару" және "Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек".
Көрсетілген қызметтер бойынша "Salyqbot" пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.
Бұл қызметтерге кіру үшін ("Шотты бұғаттан шығару"), ("Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек") сілтемелеріне өту қажет.
Немесе автоматты түрде "Salyqbot" қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті. Телефон камерасын немесе кез-келген браузердің QR-кодқа бағыттаңыз.
Осылайша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарымен байланысының тағы бір арнасы пайда болды. Енді ақпаратты 1414 (3) Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер органдарына бару арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сілтемелер мен QR-коды арқылы оңай және қарапайым түрде алуға болады.