Самал Есләмова жаңа фильмге түсіп жатыр

953

Туындыны "Қазақфильм" киностудиясы жапониялық Tokio New Cinema компаниясымен бірлесіп қолға алған.

Самал Есләмова жаңа фильмге түсіп жатыр

Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова "Барымташы" фильміне түспек. Туындыны "Қазақфильм" киностудиясы жапониялық Tokio New Cinema компаниясымен бірлесіп қолға алған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қарапайым отбасы тау жайлап, мал бағып, мамыражай күн көріп жатады. Кенеттен оларға жау тиіп, отағасын өлтіріп, жылқыны айдап кете береді. Сол сәтте ғайыптан келген жан иесі күйзелген отбасына сүйеу болып, көмектесе бастайды… Фильмнің ұзын-ырғасы осындай.

Фильмнің режиссері – Аустрия, Польша, Франция, Оңтүстік Корея жерлерінде өткен кинофестивальдердің жүлдегері Ерлан Нұрмұхамбетов. Бас режиссердің көмекшісі,Yubari кинофестивалінің жүлдегері  – Лиза Такеба.

Рөлдерде Самал Есләмовадан өзге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда мен жапон азаматы Мирай Морияма ойнайды.

Түсірілім Алматы облысының аумағында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу