Самар ауданында осал санаттағы адамдар қоқыс тарифіне қатысты жеңілдіктен қағылып келген

458

Аталған жеңілдікті тағы кімдер пайдалана алады?

Самар ауданында осал санаттағы адамдар қоқыс тарифіне қатысты жеңілдіктен қағылып келген Фото: mail.kz/kz

Шығыс Қазақстандағы Самар ауданында аудан прокуратурасының араласуынан кейін ТҮКШ бөлімі әлеуметтік осал санаттағы адамдарға қоқыс тарифіне жеңілдік жасады. Бұған дейін олар жеңілдіктен қағылып келіпті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Самар ауданы прокуратурасы ТҮКШ саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында, жергілікті атқарушы органмен Экологиялық кодекс талаптарына қайшы түрде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін бекіту шаралары ұзақ уақыт бойы қабылданбағаны анықталды.

– ТҮКШ бөлімі 2013 жылдан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін бекіту кезінде әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтарға тиесілі 50%-дық жеңілдікті жасамаған. Осылайша, еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне артық ақша төлеп келді, – делінген ақпаратта.

Қадағалау актісі бойынша бұл заң бұзу жойылып, аудан мәслихатының шешімімен тиісті шара қабылданды. Сондай-ақ жасына байланысты зейнеткерлерге, II топ мүгедектеріне 25% жеңілдік беріліп, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қалдықтарды шығару үшін төлем жасаудан толықтай босатылды.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұл жеңілдіктерді 4 мыңнан астам адам, яғни жергілікті халықтың 34% пайызы пайдалана алады. Қазіргі таңда қалдықтарды шығару қызметін көрсететін кәсіпорын жеңілдігі бар азаматтардан қажетті құжаттарды қабылдау жұмысын бастап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу