Самар-Күршім аудандары арасындағы техникалық көпір ашылды

369

Тұрғындар қазір мұз үстімен қатынап жүр.

Самар-Күршім аудандары арасындағы техникалық көпір ашылды Фото: Таунар Қайратұлы

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан техникалық  көпірдің құрылысы аяқталды. Ал негізгі көпірдің ашылуы 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған.

Аталған көпір Самар ауданы мен Күршім, Катонқарағай, жаңадан құрылып жатқан Марқакөл, Зайсан аудандарын байланыстырады. Техникалық көпір негізгі көпірдің құрылысына қажетті заттарды тасымалдауға арналған. Ұзындығы 1316 метр. Бұл еліміздегі салынып жатқан ең ұзын көпір. 

- 2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұтырма су қоймасы үстінен көпір салу туралы бұйырқ берген болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасып жатыр. Келер жылы қысқа таман негізгі көпір құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне беріледі деген үміттеміз. Бүгін техникалық көпір ашылды. Бұл құрылыс жұмыстарын жылдамдата түседі, - деді ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы.

Құрылыстың басында жүрген мамандар құрылысқа қажетті материалдардың жеткілікті екенін айтады. 

- Халық қазір көпірдің салынып болуын асыға күтіп отыр. Өйткені бір жағадан екінші жағаға пароммен жетуге 40 минут уақыт кетеді. Оның үстіне кезек күту, сонымен бір жарым сағаттай уақытты алуы мүмкін. Ал көпір уақытты үнемдейді. Сонымен қатар, көпірмен қатынау қауіпсіз, - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік судың екі жағындағы аудан тұрғындары жазда пароммен, ал қыс айларында мұздың үстімен қатынайды. Осы жылдың 28 желтоқсанынан бастап паром тоқтады. Жолаушылар мұз үстінен өтіп жатыр. Өткен жылы осы мұз өткелінде бірнеше көлік суға кеткен болатын. Қайғылы жағдайлар да орын алған. 

Аймақ басшысы айтқандай келер жылы көпірдің құрылысы толық аяқталса, судың арғы бетіндегі халықтың тілегі орындалар еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу