Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылды

344

Бүгін, 29 қаңтарда Қызылорда облысында күн райы күрт бұзылды. 

Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылды Фото: pixabay.com

Қызылорда облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты "Самара-Шымкент" автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді.

Қарлы боран және нөлден төмен температура көрініс берді.

"Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана қаласы уақытымен 29 қаңтар түнгі 01:50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды", — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу