"Самара-Шымкент" тас жолында өзбекстандықтар мінген автобус жолда қалды

746

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.

"Самара-Шымкент" тас жолында өзбекстандықтар мінген автобус жолда қалды

Ақтөбе облысы аумағында "Самара-Шымкент" жолы бойында автобус бұзылып, жолаушылар аязда жолда қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Автобус ішінде елу төрт Өзбекстан азаматы мен 3 жүргізуші бар. 

Жолаушылар сол маңдағы Сарытоғай ауылына жеткізіліп, кемпингке орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу