2 желтоқсанда 74 шетелдік азамат Самара-Шымкент тас жолында апатқа ұшырап, екі адам жарақат алды. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК "АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Қызылорда облысының Шижаға ауылы маңында 1311 шақырым жерде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Neoplan автобусының жүргізушісі жылдамдықты асырып, Daf жүк көлігімен соқтығысқан.
Өзбекстан мен Тәжікстанның 74 азаматы эвакуацияланып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілген.
Жарақат алған екі адам Арал аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу