Жол апаты "Самара-Большая Черниговка" тас жолында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресей аумағында қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған жол апаты туралы хабар түскен бойда оқиға орнына шұғыл түрде 6 жедел жәрдем бригадасы жолға шықты.
Әрбір бригада бір-бір адамнан алып кетсе, тағы бір зардап шеккен отандасты құтқарушылар Орал қаласына жеткізді.
"Бүгін таңертең ерте зардап шеккен 5 ересек адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына, 2 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына емдеуге жатқызылды, онда оларға медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі", – дейді дәрігерлер.
Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.
Оларды тасымалдау кезінде денсаулықтың нашарлауына жол берілген жоқ.