Өзбекстанның Silk Avia әуекомпаниясы "Самарқан – Түркістан – Самарқан" бағытындағы рейсті іске қосады, деп жазады inbusiness.kz Uzbekistan Airports-қа сілтеме жасап.
Бірінші деморейс биылғы 14 қазанда чартерлік негізде орындалмақ. Ұшу уақыты – 1 сағат 20 минут. Бір бағыттағы билет құны 920 мың сумнан басталады.
"Алдағы уақытта Самарқаннан Түркістанға рейстерді тұрақты түрде ұшыру көзделіп отыр. Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша авиакомпания Ферғана қаласынан Түркістанға рейстерді енгізу мәселесін қарастыруда", -делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу