Самарқанда "Өзбекстан мен ИЫҰ елдерінің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі" атты форум өтті

362

Қатысушылар Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі мен жағдайын арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынды.  

Самарқанда "Өзбекстан мен ИЫҰ елдерінің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі" атты форум өтті Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Өзбекстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі" тақырыбындағы халықаралық форум  өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Форумға әлемнің 20-дан астам елінің, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшылығының, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы әйелдерді дамыту ұйымының және Өзбекстанның заң шығарушы және атқарушы билігінің жоғары лауазымды өкілдері сондай-ақ Қазақстан тарапынан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат қатысты.

Форум барысында әйелдердің құқығы мен мүдделерін қорғау жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды дайындауға, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердегі отбасы институтын нығайтуға қызмет ететін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қатысушылар Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі мен жағдайын арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу