Самарқанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

923

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлудың айтуынша, шара 2022 жылдың 11 қарашасында өтеді. Өзбекстан төрағалық етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Әзірбайжан" агенттігіне сілтеме жасап.

Самарқанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

"Түркияның Өзбекстанмен қарым-қатынасы ауқымды стратегиялық серіктестік сипатында болса, Әзірбайжанмен Түркияның диалогы одақтастық деңгейде. Өзбекстанның 2019 жылы Түркі кеңесіне қосылуы тарихи қадам болды. 2022 жылдың қараша айының 11 жұлдызында Түркі мемлекеттерінің саммиті өтеді. Самарқанд саммиті ынтымақтастығымыздың жаңа бетін ашады деп сенеміз", – деді Чавушоғлу.

Бұл туралы ол Ташкентте өткен Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжан сыртқы істер, сауда және көлік министрлерінің үшжақты кездесуінде мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу