Теміртау қаласына жақын маңдағы Самарқант су қоймасында балықтар қырыла бастады.
Мұны көрген Теміртаулықтар әлеуметтік желіге бейнежазба салып, наразы пікірлерін білдірген. Экологтар су қоймасына барған кезде балықтардың қырылу фактісі нақтыланған. Әзірге неден өлгені белгісіз.
“Қарағанды облысы бойынша экология департаменті, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Самарқанд су қоймасының жағдайын анықтауға барды. Экология департаментінің маманы су сынамасын алды. Нәтижелері кейінірек жарияланады”,- деп мәлімдеді Экология Департаментінің баспасөз қызметі.