Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Парламент Мәжілісінің кулуарында тілшілер Бас прокуратура өкілінен С. Әбіштің ісі бойынша сұрады.
"Аталған іс сотқа жолданғанын еске салған Ә. Шындалиев: "бұл іс құпия тәртіпте тергелді. Сондықтан басқа мәліметтерді жариялай алмаймын", - деді.
Сонымен қатар ол С.Әбіштің Қазақстан аумағынан шықпағанын айтты.
"Тергеу кезінде одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деді Әсет Шындалиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу