Самат Әбіш өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергеліп жатыр - Бас прокуратура

1175

 Самат Әбіштің елден кетпеу туралы қолхаты бар.

Самат Әбіш өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергеліп жатыр - Бас прокуратура Фото: bugin.kz

Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын", деді Ә. Шындалиев.

Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғалары кезінде билік пен лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Ол қазір Қазақстанда. Елден кетпеу туралы қолхаты аясында оның үйінің алдында қарауыл болмайды. Ол өз үйінде тұрады. Тергеуші шақырған кезде, өзі барады. Сонымен қатар адвокаттармен және басқа адамдармен кездесе алады", – деді Бас прокурордың орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу