Самат Әбіш пробация есебіне алынды

406

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 8 жылға сотталды.

Самат Әбіш пробация есебіне алынды Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Шартты жаза неден тұрады? Қандай шектеулер бар?" деп сұрады.

"Сот үкімі бойынша сұрақ судьяларға қатысты. Өзіміздің құзыретіміз бойынша айтатын болсақ, бұл азамат (ред. – Самат Әбіш) пробациялық бақылауда. Оның басқа жаққа кетуге құқығы жоқ. Тұрғылықты мекенжайы бойынша болуы керек. Сот үкімінде осының бәрі көрсетілген. Яғни, ол Қазақстаннан шықпауы керек", - деп жауап берді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу