Самат Данияр: "Сібірге" есе қайтарар кез келді

616

"Барыс" пен "Сібір" осы айда төртінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Самат Данияр: "Сібірге" есе қайтарар кез келді Фото: hc.barys.kz

Бүгін командалар арасындағы текетірес Астанада жалғасады.

"Барыстың" қорғаушысы Самат Данияр "Адмиралмен" өткен матч туралы, сондай-ақ бүгін "Сібірге" қарсы кездесуге қатысты пікір білдірді.

– Жақсы, тартысты матч болды. Екі команданың да жеңіске жеткісі келді. Кездесу тең дәрежеде өтті. Матч ​​овертаймға, содан кейін буллиттер сериясына ұласты. Алғашқы кезеңде жақсы ойнай алмаған шығармыз. Бірақ екінші және үшінші кезеңдерде белсенді ойнадық деп айта аламыз. Екі ұпай ала алмағанымыз өкінішті.

– "Нефтехимикке" қарсы өткен нәтижелі матчтардан кейін команданың келесі кездесулерде ойынға ұзақ бейімделетіні байқалды. Неліктен екі кездесуді де бір деңгейде өткізу мүмкін емес?

– Бәлкім, тәртіп мәселесі бізді әлсіретеді. Бәрі ойдағыдай бола бермейді, бірақ бірінші ойынға қарағанда екінші ойында біз қарқынымызды арттырып отырмыз. Барлығын ретке келтіреміз.

– Турнирлік кестеде көрші тұрған командамен ойнайтындарыңызды ойын барысында еске алдың ба?

– Әрине, қазір бізде барлық дерлік командалар үздік сегіздік үшін күресіп жатыр. Бұл біздің тікелей бәсекелестеріміз және біз оларды жеңуіміз керек. Бірақ, қазір Лигадағы барлық дерлік командалардың деңгейі көтерілді. Сондықтан әр матч алдында қарсыласқа қарамай тек жеңіске ұмтыламыз.

Бізді қыркүйекте үш матчта да ұтылған "Сібірмен" кездесу күтіп тұр.

– Иә, бұл серияға нүкте қою керек. "Сібірге" есе қайтарар кез келді. Олармен өткен барлық матчтар өте тартысты болды. Біз бір гол айырмашылығымен ғана жеңіліп қалдық. Енді барлық қалған ойындарда жеңіске жетуге тырысамыз.

Астаналық команданың еншісінде 11 кездесуден кейін 10 ұпай бар. Биылғы маусымда "Барыс" пен "Сібір" үш кездесу өткізді. Олардың барлығында новосібірліктер жеңіске жетті (5:4 ОТ, 1:0 және 4:2). Кездесу бүгін "Барыс Арена" мұз айдынында өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу