Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды

1113

Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстандық танымал футболшы Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны Ақтөбе футбол ассоциациясының жетекшісі Қайрат Бекенов таныстырды, деп хабарлайды vesti.kz. 
Бүгін өткен ресми баспасөз мәслихаты барысында Самат Смақов өзіне сенім білдірген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғысын білдірді. Жаңа қызметі оңай болмайтынын да айта кетті.
Бейресми деректер бойынша, футболшы спорттағы мансабын аяқтап, жаңа қызметіне білек сыбана кіріспек. Осыған дейін команданың бас директоры қызметін Мақсат Түймалиев атқарып келген еді.
Айта кетейік, 39 жастағы футболшы соңғы рет Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубында ойнады. Ал спорттық мансабында Қазақстанда "Елімай" (Семей), "Қайрат" (Алматы), "Ертіс" (Павлодар), "Жеңіс" (Астана) және "Ақтөбе" клубтарында доп тепті. Ресейдің "Ростьселмаш", Түркияның "Ризеспор" командаларында да ойнады.
Самат Смақов – Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп ойынға қатысқан футболшы. 76 ойынға қатысып, 2 гол соққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу