Самат Смақов бапкерлік қызметке келді

1287

Самат Смақов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 ойын ойын өткізген, бұл - әзірге рекордтық көрсеткіш.

Самат Смақов бапкерлік қызметке келді

Қазақстан белгілі футбол маманы Самат Смақов Шымкенттің "Ордабасы" командасы бапкері қызметіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Самат Смақов 1978 жылы 8 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында қазақстандық "Елімай", "Ертіс", "Жеңіс", "Қайрат", "Ақтөбе", "Ордабасы", Ресейдің "Ростсельмаш", Түркияның "Ризеспор" командаларында ойнаған. Ол елімізде 6 дүркін чемпион атанды. Екі мәрте Қазақстан кубогын алып, бір мәрте суперкубокқа қол жеткізді. Төрт мәрте Қазақстанның үздік ойыншысы атанған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 ойын ойын өткізген, бұл - әзірге рекордтық көрсеткіш.

Айта кетерлігі, ол бас бапкерге көмекші қызметін атқарады. Жақында ол қызметке Беларусь маманы Александр Седнев келген болатын. С.Смақов 2017 жылы UEFA-ның А санатының дәрежесіне ие.

Еске сала кетсек, 2018 жылы "Ақтөбе" футбол клубы сенімгерлік басқаруға беріліп, Самат Смақов клубты басқарды. 2019 жылдың желтоқсан айында Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубынан кетті.

2020 жылы маусым айында Самат Смақов "Тараз" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалады" деген ақпарат тарап, Жамбыл облысы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу