Самирхон Абабакиров "Belgian Open G2" турнирінде жеңімпаз атанды

781

Бельгияның Ломмель қаласында таеквондодан "Belgian Open G2" рейтингілік турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самирхон Абабакиров "Belgian Open G2" турнирінде жеңімпаз атанды

Бұл сында еліміздің атынан 58 кг салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров жеңімпаз атанды.

Самирхон алғашқы айналымда испаниялық Исаак Бланко Пинейродан, екінші айналымда американдық Дэвид Кимнен айласын асырды. Ширек финал жолдамасы үшін таласта даянг иесі Хеди Неффатиді жеңіп, ал жартылай финалда француз Сириан Раведен басым түсті. Раве – 2021 жылғы Еуропа чемпионы. 

Финалда қазақстандық таеквондошы австралиялық Бэйли Льюисті ұтты. Осылайша, қарсылас шақ келтірмеген Абабакиров жарыс жеңімпазы атанды. Осы нәтижесінің арқасында Самирхон 20 ұпайға иелік етіп, бұл өз кезегінде оған әлемдік рейтингте жоғарылауға көмектеседі. Қазір Абабакиров 92-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу