Саммит ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа леп береді – депутаттар

354

Бүгін ШЫҰ саммитінің "Астана декларациясы" қабылданды.

Саммит ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа леп береді – депутаттар Фото: Ақорда

Депутаттар Астанадағы ШЫҰ саммиті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады.Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді. Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды", – деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықовтың сөзінше, кәрі құрлықтың алпауыт мемлекеттері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысқанын айтты. Ол бүгінгі жиын барысында ШЫҰ саммитінің "Астана декларациясы" қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар, 25 негізгі құжатқа қол қойылды.

"Қазір "Шанхай ынтымақтастығы+"форматындағы жиын өтіп жатыр. Саммиттің бұл бөлігінде жаһандық өзекті мәселелер көтерілмек. Онда ең алдымен әлемдегі тыныштық пен тұрақтылық, елдер арасында татулықты дәріптеп, әлемді бейбіт өмірге жетелеу. Саяси экономикалық байланыстар да басты назарда. Саммит - ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа леп, жаңа серпін берері сөзсіз", – деді Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.

Депутат Ұлықбек Тұмашинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаторлық қасиеттері ішкі салада ғана емес, халықаралық салада да көрінетінін айтты.

"Ол ШЫҰ-ға қатысушы елдер басшыларының отырысы аясында осы ұйымды реформалау мен жаңғыртуды ұсынды. Қазақстан ШЫҰ төрағасы бола отырып, ұйымды трансформациялау, оның ішінде ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейту арқылы өзінің ұсыныстарын ұсынды", – деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу