Самокатты жалға берушілерге тағы бір міндет жүктелуі мүмкін

157

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында самокат тізгіндеп жүріп ереже бұзғандарды қалай жазалауға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Самокатты жалға берушілерге тағы бір міндет жүктелуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

"Самокаттардың бәрінде біріздендіру нөмірі бар. Өте кішкене, көзге әрең көрінетін болса да бар. Ол нөмірді самокатты жалға ұсынатын агрегаторлар орнатады. Бұл депутаттардың ұсынысы – осы нөмір көзге көрінетіндей, үлкен болу керек деп отырмыз. Шартты түрде айтсақ, самокат тізгіндеген жолаушы жаяу баланы қағып кеткен болса, қандай нөмірі бар самокат екенін көрінетіндей болу керек. Біз сол мәлімет бойынша агрегатордан оқиға болған уақытта кім тепкенін сұратамыз. Осылайша, жол ережесін бұзған адам жауапқа тартылады", - деді ол.

Министрдің орынбасары Ресейде дәл осындай тәсіл бар екенін атап өтті.

"Біз де самокаттар Мәскеудегі сияқты көзге көрінетін болсын деп отырмыз. Өйткені біздегі нөмірлер сіріңкенің қорабындай ғана. Депутатармен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қолдау тапса, осындай міндеттеме енгізіледі. Бұл самокат тізгіндеген кезде заң бұзатын адамдарды анықтауға мүмкіндік берер еді", - деді Игорь Лепеха. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу