"Самрұқ Қазына" әл-ауқат қоры таратыла ма?

1718

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Самрұқ Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компанияларды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Самрұқ Қазына" әл-ауқат қоры таратыла ма?

Мәжіліс отырысында ол "Самрұқ Қазына" қоры қызметінің тиімділігіне қатысты мәселеге тоқталды.

"Бүгінде бұл қордың активі еліміздің жалпы ішкі өнімінің 60% жуықтайды. Осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың KEGOC, "Қазақгаз", "Қазақстан темір жолы" сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық секторының тиімдігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отырма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма? деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компаниялардың және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент "Самрұқ Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқаруда басты рөл атқаратынын атап өтті.

"Сондықтан Үкіметке стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуі тапсырамын. Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, онда құрылымның экономикамызда болмағаны жөн", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол аталған қорда тауарларды сатып алу ашықтығына қатысты мәселе барын ашық айтты.

"Оған қатысты шағым үнемі түседі. Бұл сұрақтарға жауап табу керек. Әсіресе, мемлекеттік сатып алулар негізінде бір көзден сатып алуға мүмкіндік беретін әдісті жою керек...", - деді Президент

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу