Самрұқ-Қазына: Басшылық лауазымға үміткер қанша адам өтірік детекторынан өте алмады?

710

"Самұрық-Қазына" тобына қарасты 38 компаниядан барлығы 96 үміткер өтірік детекторы арқылы тексерілді. 

Самрұқ-Қазына: Басшылық лауазымға үміткер қанша адам өтірік детекторынан өте алмады?

"Самұрық-Қазына" компанияларының басшылық лауазымына үміткер 18 адам өтірік детекторынан өткен жоқ. Бұл туралы Қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов баспасөз брифингінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Болашақ басшыларға қойылатын талаптар күшейген. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін "Самұрық-Қазына" компанияларының бірінші басшылары, басқарушы директорлары мен бөлімшелерінің басшылары лауазымдарына барлық үміткерді комплаенс-офицерлер тексереді",- деді ол.

Айта кету керек, Ғибрат Ауғанов "Самұрық-Қазына" қорының 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысын таныстырған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу