"Самрұқ-Қазына" декарбонизация ұстанымдарына берік

498

Ұлттық компания көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін алдына өршіл мақсаттар қойып отыр.

"Самрұқ-Қазына" декарбонизация ұстанымдарына берік Фото: «Самрұқ-Қазына» баспасөз қызметі

Бұл туралы Астана халықаралық форумында "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұрлан Жақыпов компания декарбонизация ұстанымдарына берік екенін айтты. Ұлттық компания көміртегі бейтараптығы жөніндегі Париж келісімін адал іске асырып жатыр.

"Самрұқ-Қазына" Қазақстандағы шығарындылардың 15%-ына жауап береді. Бұл бұған жауапкершілікпен қарауға көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда Masdar-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасадық. Жамбыл облысында 1 гигаватт жел қондырғысын салу жоспары бар", - деді ол "COP28: Көміртекті бейтараптықтың экономикалық және экологиялық салдары" сессиясында. 

"Самрұқ-Қазынаның" жеке мақсаты – Самрұқ тобындағы компаниялардың арасында барлық шығарындыны 10 пайызға дейін азайту, деп атап өтті Нұрлан Жақыпов. Ол бұл бағытта жұмыс жалғасатынын жеткізді. 

"Мәселен, қазіргі таңда көмір ең тиімді отын түрі болып отыр. Құны жағынан да айтарлықтай тұрақты. Жаңартылатын энергия көздеріне тепе-теңдік қажет. Бұл да біз еңсеру керек тағы бір белес. Біз қазір өнімділікті теңдестіру бағытында жұмыс істеудеміз", - деді ол. 

"Самрұқ-Қазына" Басқарма Төрағасы халықаралық қауымдастықтың осы транзиттік кезеңге түсінікпен қарағанына қуанышты екенін тілге тиек етті.

"Жаңартылатын энергия көздерін Қазақстанға көбірек әкелу үшін бізге өндірістік жүйемізді теңдестіру керек. Бұл да біздің алдымыздағы міндеттердің бірі, осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Бюджеттеуге келер болсақ, ешкім қаражатын жайдан жай жұмсағысы келмейтіні белгілі. Кез келген жобада бизнесмен құнның 30 пайызын өз қаражат есебінен шығарып, 70 пайызын инвестиция ретінде тартуды мақсат етеді. Сол себепті біздің компания Қазақстанның және "Самрұқ-Қазынаның" тұрақты дамуына аса үлкен мән береді. Жақсы инвестициялық ортаны дамыту да маңызға ие. Өтімділігіміз қаржы институттарымен жеткілікті түрде ұсынылған", - деді Нұрлан Жақыпов.

Сессия модераторы, Даниялық хабар тарату корпорациясының экс-қызметкері Бенте Далсбек "Самрұқ-Қазына" Басқарма төрағасынан шектеусіз пайдалы ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері туралы сұрады.

"Біз тау-кен өндірісін дамытудың көптеген түрлі стратегияларын қабылдап жатырмыз. Мұнда тәжірибесі мен қаржылық мүмкіндіктері жеткілікті барлық мүдделі тұлғаларды осы сирек кездесетін пайдалы қазбалар индустриясын дамыту үшін шақыруға дайынбыз. Көршілес ел Қытайдың нарықта айтарлықтай мықты орны бар. Сондықтан біздің басты міндетіміз қазбалардың жоғары сапасы мен тазалығын қайта өңдеу және сақтау. Жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымға, құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге инвестиция құю керек. Егер де біздің өнім техникалық тұрғыдан пайдаланушылардың талаптарына сай келмесе келмесе, онда өндірістік және нарықтық сипаттағы қиындықтар туындайды", - деп қорытындылады Нұрлан Жақыпов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу