"Самұрық-Қазына" мен "Бәйтерек" үшін сыртқы қарыз мөлшеріне шектеу бекітіледі

535

ҚР Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл стандартты үрдіс.

"Самұрық-Қазына" мен "Бәйтерек" үшін сыртқы қарыз мөлшеріне шектеу бекітіледі Фото: Inbusiness.kz

"Самұрық-Қазына" мен "Бәйтерек" мемлекеттік холдингтеріне 2024 жылға сәйкесінше $12,5 млрд және $5 млрд мөлшерінде сыртқы борыш шектеуі белгіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз екі банк үшін де шектеуді сұраған сомадан $1 млрд-қа аз мәнде бекіттік. Бұл стандартты үрдіс, себебі ҚР Ұлттық экономика министрлігі саланың барлық сұрақтарына, сонымен қатар, қарыз мәселесіне жауап береді. Әсіресе, қарыз алу үрдісіне тосқауыл қою керек. Мемлекеттің сыртқы қарызы ЖІӨ-нің 53,2%-нан аспауы керек, қазір бұл көрсеткіш 44%-ды құрайды. Экономиканың артуына қарамастан, біз қарыз деңгейін осы мөлшерде ұстап тұруға тырысамыз", — деп түсіндірді министр Әлібек Қуантыров.

Бұйрық мәтіні көпшілік қауымның талқысына салынуы үшін Ашық НҚА-ға жарияланған.

"БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін", – делінген құжат мәтінінде.

Бұйрыққа қосымшада квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі: "Самұрық-Қазына" – 5,7 трлн теңге немесе $12,5 млрд, "Бәйтерек" үшін – 2,3 трлн теңге немесе $5 млрд көлемінде бекітілді. Сыртқы берешек $1 үшін 460 теңге бағамы бойынша есептеледі.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министріне жүктеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу