Оңтүстік Коряның Samsung компаниясы АҚШ-та кір жуатын 2,8 млн машинаны қайтарып алатынын мәлімдеді. Себебі кір жуатын машиналар қауіпті көрінеді. Үстіңгі бөлігі өздігінен ашылып кетіп, адамды жарақаттауы мүмкін. Бұл туралы reactor.inform.kz жазып отыр.
Samsung компаниясына жалпы саны 733 шағым түскен. Қолданушылар арасында иегі мен иығын жарақаттап алғандар да бар.
Атап айтқанда 2011 жылдың наурызынан 2016 жылдың қарашасына дейін шығарылған кір жуғыш машиналар қайтарылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу