Samsung компаниясы тамыз айында Note 8 смартфонын сатылымға шығарады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Аталған смартфон алдымен Нью-Йорк жұртшылығына таныстырылады.
Note 8 смартфонының сатылымға ерте шығуына екі негіз бар. Біріншіден, Galaxy Note 7 телефоны 7 тамыз күні таныстырылып, 19 тамызда сатылымға шығады. Екіншіден, 2017 жылдың күз айларында смартфон нарығында бәсекелестік көп болады. Өйткені, iPhone 8 жоғары бәсекелестікті талап етсе, Google компаниясы Pixel 2 өнімін айналымға жібереді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу