Samsung операциялық пайданың төмендеуін 32%-ға бағалап отыр

657

Компания 3 тоқсан бойынша алдын ала есептеулерін жариялады.

Samsung операциялық пайданың төмендеуін 32%-ға бағалап отыр

Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics Co. компаниясы үшінші тоқсандағы операциялық пайданың төмендеуін 32%-ға бағалап отыр, деп жазады inbusiness.kz “Капитал” сайтына сілтеме жасап.

Үшінші тоқсан қорытындысына сәйкес, операциялық кіріс 10,8 трлн вон (7,7 миллиард доллар) құрайды деп күтіліп отыр. Былтырғы кезеңде бұл көрсеткіш 15,8 трлн вон болған. Алдын ала есептеулер бойынша кіріс 2,7%-ға артқан.

FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар компанияның орташа операциялық кірісі 11,9 трлн вон, кіріс 78,2 трлн вон болады деген болжам жасады.

Биыл рекордтық кіріс электроника мен жад микросхемаларына деген үлкен сұраныс есебінен түскен.  Десек те, жоғары инфляция және жаһандық рецессия тәуекелдерінің күшеюі соңғы уақытта бұл өнімге деген сұранысты төмендеп отыр. 

Басқа себептердің қатарында сарапшылар доллардың вонға шаққандағы бағамының көтерілуін де атайды.

Айта кету керек, Samsung компаниясының үшінші тоқсандағы қорытындысы 27 қазанда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу