"Самұрық-Энерго" АҚ-дан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

117

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, соңғы 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны жүзеге асырған.    

"Самұрық-Энерго" АҚ-дан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды Фото: inbusiness.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңгеге тиімсіз шығын анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 млрд теңге болды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭС құрылысы – 102 млрд теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 млрд теңге", – деп жазылған хабарламада.

Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 млн теңге болған.

Одан бөлек:

  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 млрд теңге,
  • қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 млрд теңге болған.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу