"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

724

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ 2021 жылдың 26 сәуіріндегі акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен компанияның  Директорлар кеңесінің құрамына сайланғандар туралы хабарлады: Акчулаков Б.У. – Директорлар кеңесінің төрағасы; Кравченко А.Н – Директорлар кеңесінің мүшесі",– деп жазылған хабарламада.

Осылайша компанияның Директорлар кеңесінің құрамында қазіргі уақытта бес адам бар: Акчулаков Б.У., Кравченко А.Н., Есимханов С.К., Андреас Сторзел, Хоакин Галиндо Велез.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу