"Самұрық-Энерго" шығындарын 18,5 млрд теңгеге қысқартты

995

Компания инвестициялық шығындардың 13%-ын қайта қарады.  

"Самұрық-Энерго" шығындарын 18,5 млрд теңгеге қысқартты

2020 жылы "Самұрық-Энерго" АҚ шығындарын 18,5 млрд теңгеге қысқартады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қысқарту жөніндегі іc-шаралар "Самұрық-Қазына" ӘҚ" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің "Самұрық-Қазына" АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда", – деп жазылған хабарламада.

Биылғы жылдың наурызында қор басшылары қалыптасқан  күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып "Самұрық-Қазына" құрамына кіретін компаниялардың өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту туралы тапсырма берген болатын.

"Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады. Бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығындардың 13%-ын құрайды", – деп хабарлады компания.

Оның ішінде жалпы сомасы 9,3 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар,

2,3 млрд теңге жұмсалатын өндірістік активтерді басқаруға кететін шығындар,  36 млн теңге әкімшілік активтерді басқаруға кететін шығындар және 4,2 млрд теңге мөлшерінде өзге де күрделі шығындар бар.

Бүгінгі күні корпоративтік орталықтың қызметкерлерінің 30%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілген. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы штаттық режимде іске асырылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу