"Самұрық-Энергоны" сатудың өлшемдерін Үкімет бекітеді

674

Энергетикалық монополисті жекешелендіру 2021 жылы іске аспақ. 

"Самұрық-Энергоны" сатудың өлшемдерін Үкімет бекітеді

"Самұрық-Энерго" компаниясын инвестордың иелігіне бермес бұрын сатылым өлшемдерін Үкімет бекітеді.

Журналистердің олигархиялық жүйелер арасындағы мүдделер қақтығысы туралы сауалына жауап берген "Самұрық-Қазына" қорының өкілі Ержан Тұтқышев  осылай деп мәлімдеді.

"Самұрық-Энерго" бойынша сатылым алдындағы дайындық жүріп жатыр. Бұл активтің энергетика және көмір саласындағы маңыздылығын ескере отырып, инвестор тартпай тұрып Үкіметпен акцияларды сатудың өлшемдерін пысықтап алу жоспарлануда. Жекешелендіру мерзімі мұнда да 2021 жыл. Инвесторлармен келіссөз сатысына әлі жеткен жоқпыз. Бірақ біз қандай да бір мүдделлерге қарамастан, бірінші кезекте мемлекет мүддесіне бағынып, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын басшылыққа аламыз. Қоры басшыларының ұстанымы осындай", – деді ұлттық- әл-ауқат қорының өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу