"Самұрық-Энергоның" жалпы қарызы – 267 млрд теңге

841

Қарыздың қызмет құны қандай?

"Самұрық-Энергоның" жалпы қарызы – 267 млрд теңге

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы қарыздар мен несиелерге көрсетілтеін қызмет үшін жыл сайын 25 млрд теңге шығындап отыр. Компанияның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов осылай деді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

"Қаржылық аудит есебі бойынша жалпы қарыздың көлемі әлі шыққан жоқ. Біздің бағалауымызша, 267 млрд теңгедей болады. Бұл жерде барлық кредиторлар алдындағы қарыз-несиелерді қосып айтып отырмыз. Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкі де осының ішінде. Әр тетік бойынша сараланған ақпарат мерзімді есебімізде жарияланады. Жалпы жыл сайын компаниялар тобының барлық деңгейдегі несие-қарыздарына қызмет көрсету үшін 25 млрд теңгедей шығын жұмсалады", – деді компания директоры.

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу