"Самұрық-Қазына" 1200 тауар түрін сырттан алады – Әлішер Пірметов

1230

250 млрд теңге өзге елдердің экономикасына кетіп жатыр.

"Самұрық-Қазына" 1200 тауар түрін сырттан алады – Әлішер Пірметов Фото: Максим Морозов

Дағдарыстан кейінгі экономиканы оңалту үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры отандық өнімдерді сатып алу көлемін арттырмақшы. Бұл бірінші кезекте Қазақстанда жоқ өндіріс ошақтарын құру арқылы жүзеге аспақ. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов осы мәселеге арналған баспасөз мәслихатында жоспардың қалай жүзеге асатынын түсіндірді. 

"Дағдарыс кезеңінде мемлекеттік сатып алу процесінің маңызы артып отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, елдің экономикалық белсенділігіне сатып алу шаралары тікелей әсер етпек. 2018 жылы ұлттық әл-ауқат қоры импортты алмастыруға бағытталған бағдарламаны қолға алды. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстанда баламасы жоқ өндірістер іске асуға тиіс. Бірінші кезеңде біз компания тұрақты сатып алатын, бірақ елімізде шығарылмайтын тауарлар тізбесін анықтап алдық. Бұл тізімге қазір 1200 аталым кіреді. Ұзақ мерзімдегі сатып алу көлемі 250 млрд теңгеден асады. Осы тізімдегі тауарлар өндірісін қолға алған жобаларды арнайы комиссия іріктеп, иелерімен оффтейк-келісімшарттар жасалады. Бүгінде комиссия қарауына 71 компаниядан 110 жоба келіп түсті. Соның 37-сі қазірдің өзінде мақұлдаудан өтіп,  35 келісімшарт жасалды. Инвестиция көлемі – 22 млрд теңге.  Оның ішінде 13,5 млрд тегенің  5 жобасы биыл іске асатын болады", – деді қордың өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу