"Самұрық-Қазына" 20 мың қызметкерін қашықтан жұмыс істеуге жіберген

761

Цифрландыру бағдарламасы пандемия зардаптарын жеңілдетті.

"Самұрық-Қазына" 20 мың қызметкерін қашықтан жұмыс істеуге жіберген

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының цифрландыру бағдарламасы құжат айналамы мен тасымалына кететін шығындарды үнемдеп, әкімшілікті қызметтердің өнімділігін арттырды. Қордың цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев осындай мәлімет айтты.

"Жаңа трансформациялық тұжырымдама пандемия кезеңінде өзінің бекемдігін көрсетті. Оған цифрландырудың сәтті тәжірибесі дәлел бола алады. Соның арқасында әкімшілік қызметкерлердің 84 пайызы, яғни 20 мыңнан астам маман бір уақытта қашықтан жұмысқа көшті. Бұл өнімділік пен нәтижелілікті төмендеткен жоқ, керісінша арттырды", – деді ол онлайн-брифингте. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу