"Самұрық-Қазына" 6,5 млн жаһандық депозитарлық қолхат сатады

1366

 Ол – "Қазатомөндірістің" акциялары, яғни бағалы қағаздардың банкте сақтаулы жатқандығын дәлелдейтін құжат.

"Самұрық-Қазына" 6,5 млн жаһандық депозитарлық қолхат сатады

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-де Лондонда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жаһандық депозитарлық қолхаттарын саудаға шығарады. Ішкі нарықта акциялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында таңғы тоғыз бен 11 аралығында орналастырылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Барлығы 6,5 млн жаһандық депозитарлық қолхат саудаға шығарылады. Ол – "Қазатомөндірістің" акциялары, яғни бағалы қағаздардың банкте сақтаулы жатқандығын дәлелдейтін құжат. Ұлттық компания капиталының 2,5%-ына тең құнды қағаздар АҚШ-тан тыс жердегі институционалды инвесторлар мен АҚШ-тағы білікті институционалды сатып алушыларға арналған. Оның 20 пайызға жуығы Қазақстанның ішкі нарығындағы институционалды және жекелеген инвесторларға "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы арқылы сатылады. "Самұрық-Қазынаның" атом компаниясындағы үлесі – 85%. Бұл істі Лондонда J.P. Morgan Securities, елордада Halyk Finance үйлестіреді. Сауда нәтижесі букбилдинг аяқталған соң хабарланады.

Дегенмен, "Қазатомөндіріс" компаниясы одан ешқандай табыс көрмейді. Акцияларды орналастыру келесі жылға дейін жоспарланған жекешелендіру жұмысы аясында жүзеге асып жатыр.

Былтыр қараша айында, қор, атом компаниясына тиеслі акциялардың 15 пайызын айпиоға шығарған.

Бүгінде Лондондағы сауда алаңында "Қазатомөндіріс" компаниясының 1 акциясы 14 доллар 75 центке сатылып жатыр. Ең жоғары көрсеткіш мамыр айында тіркелді. Былтыр күзде оның бағасы 11 доллар 60 цент болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу